🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесі
2023 жылғы
2023 жылғы
1. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен 2023 жылғы 16-18 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапар жасады.
2. Президенттер кездесу барысында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырып, бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.
3. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тығыз диалог шеңберінде және өзара сенім мен сыйластық ауанында дамып, екі ел халықтарының мүдделеріне орай түрлі саладағы серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.
4. Тараптар екі ел арасындағы жемісті экономикалық серіктестіктің маңыздылығын растай отырып, ұлттық мүдделерге сәйкес екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге ниет білдірді. Оның ішінде жаңартылатын энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік-логистика, құрылыс-девелопмент және халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық сынды перспективалы бағыттарды талқылады.
Президенттер екі ел арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің ратификациялануын жоғары бағалап, оның екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.
5. Тараптар мәдени алмасуларды тереңдету, сондай-ақ туризм, спорт, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту халықтарды жақындастыруда, олардың арасындағы түсіністікті тереңдетуде, мәдениеттерді өзара байыту мен екіжақты қатынастарды дамытуда маңызды болып табылатынын атап өтіп, осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян халықаралық қауіпсіздік пен орнықты даму істеріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейтуге ерекше мән берді.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің 2022-2023 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі тиімді рөлін жоғары бағалады.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерінің 2022 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына белсенді түрде қатысқанына алғыс білдірді. Тараптар Съездің барлық бастамаларын, сондай-ақ дін лидерлерінің дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін жалғастыруға келісті.
8. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян достас Қазақстан Республикасына Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші Министрлік конференциясын 2024 жылғы ақпан айында Әбу Даби қаласында өткізуді қолдағаны үшін алғысы мен ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, Биік Мәртебелі Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына диалог бойынша серіктес ретінде қосылуына Қазақстанның қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық бағытындағы іс-қимылдың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
9. Президенттер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға және оның әлеуетін бірлесіп дамытуға өз ниеттері мен қолдауларын білдірді.
Тараптар халықаралық және өңірлік деңгейде екі ел көтерген халықаралық бастамалар бейбітшілікті, орнықты дамуды және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.
10. Тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ауқымда сенім мен өзара түсіністік ахуалын орнатуға және қолдауға деген ұмтылысын, сондай-ақ халықаралық мәселелерді тек дипломатиялық құралдар арқылы бейбіт жолмен шешу қажеттігін атап өтті.
11. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан Республикасының Халықаралық биологиялық қауіпсіздік ұйымын құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жылы шыраймен қабылдағаны және жоғары деңгейдегі қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidentikasym-prezidentisheyh-muhammed-ben-zaid-al-nahayannyn-birlesken-malimdemesi-1704145
🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023