Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндады.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді. Сондай-ақ Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған.

Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылды.

Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізді.

Қазақстан Президенті Моңғолияда жүргізген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-turki-akademiyasynyn-prezidenti-darhan-kydyralini-kabyldady-28328