Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
2023 жылғы 06 наурыз
Кездесу барысында Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Кездесу соңында Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-zhogary-auditorlyk-palata-toragasy-natalya-godunovany-kabyldady-62517