Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлестіhttps://t.co/5N5PIzy2lV pic.twitter.com/24NlKMcqLz
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) July 23, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
2022 жылғы
Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-ukraina-prezidenti-vladimir-zelenskiymen-telefon-arkyly-soylesti-236345