Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

2023 жылғы 19 желтоқсан

 

 

 

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 

 

 

Мемлекет басшысы сауда-экономика саласы екіжақты байланыстардың басты бағыты саналатынын айтты. Бұл ретте екі елдің үкіметтеріне таяу келешекте сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті жүктелгенін еске салды.

 

 

 

Сонымен қатар Президент Стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен мәлімдемеге сәйкес энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің Masdar компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ AD Ports Group және Terminals Holding компанияларымен бірлесіп көлік-логистика желісі мен әуе тасымалы қызметтерін кеңейтуді көздейтін инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ақпараттық технологияларды дамыту бағытындағы ықпалдастық мәселесіне айрықша мән берілді.

 

 

 

Кездесу соңында Президент Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық пен ынтымақтасты нығайтуға зор еңбек сіңіргені үшін Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-baa-nin-kazakstandagy-elshisi-muhammed-said-muhammed-al-arikidi-kabyldady-19111025