Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
Жаңалықтар
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
2023 жылғы 09 қараша
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысынан кейін Қазақстан мен Ресей президенттері шағын форматта келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
– Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз. Құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұл – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат. Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сапарыңыздың аталған датамен тұспа-тұс келгені өте жақсы болды. Жалпы, бүгін айтқанымдай, Сіздің сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
Мемлекет басшысы екі халық арасындағы берік достық байланыстарға, ортақ тарих пен тату көршілік қатынастарға мән бере отырып, Қазақстан мен Ресейдің барлық бағыттағы ықпалдастығының табысты дамып келе жатқанын мәлімдеді.
– Форумның ашылуында нақты цифрларды атап көрсеттік. Соңғы 3 жылда тауар айналымының көлемі 30 пайыздан астам өсті және бұл оң үрдіс жалғасуда. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 17 миллиард долларды құрады. Бұл да – рекордтық көрсеткіш. Өнеркәсіптік кооперация қарқынды дамып жатыр. Осы орайда ауыз толтырып айтарлықтай цифрлар бар. Атап айтқанда, жалпы сомасы 33 миллиард доллардан асатын 143 жоба жүзеге асырылуда. Оның 140 жобасы Қазақстан аумағында орналасқан. Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы екені сөзсіз. Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген. Ресей Федерациясынан тартылған тікелей инвестиция, біздің бағалауымыз бойынша, 20 миллиард доллардан асты. Соңғы екі жылда шамамен 3,5 миллиард доллар инвестиция салынды. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге құйған инвестиция көлемі 6 миллиард долларға жетті. Мұның екіжақты процесс екені қуантады. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеп келеді. Еліміздің аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытайға, сондай-ақ газын Өзбекстанға тасымалдау жөніндегі уағдаластықтар энергетика саласындағы ықпалдастықты мүлде жаңа деңгейге көтерді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қостанай қаласында өтіп жатқан XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылатын келісімдер мен бизнес келісімшарттары облыстарда ғана емес, екі ел экономикасының көптеген салаларында да мол әлеует бар екенін көрсететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан астанасындағы бүгінгі кездесу екіжақты қатынастардың жай-күйі жөнінде пікір алмасып, келешекті бағамдауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
– Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар сенімді түрде әрі табысты дамып келеді. Оны, әлбетте, цифрлар әйгілеп тұр. Біз жаңа ғана XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатыстық. Бұл – өте жақсы формат. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмыс істейді, араласады әрі бұл әрдайым елеулі нәтиже береді. Осы жолы да солай боларына сенімдімін. Бұған қоса өте маңызды тақырып таңдалып отыр. Азық-түлік – кез келген қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігінің негізі. Елдеріміздің әлеуеті зор. Өз қажеттіліктерімізді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық нарықтардағы көптеген серіктестерімізге де көмектесуге мүмкіндігіміз бар. Мәселе ынтымақтамастығымыздың барлық артықшылығын пайдаланып, келешекте осы мүмкіндіктерді арттыруда ғана болып тұр. Арғы күні Ресей мен Қазақстан арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бұл біздің көпжақты достық қарым-қатынасымызды дамытудың берік негізіне айналды, – деді Владимир Путин.
Ресей Президенті екі мемлекеттің халықаралық аренадағы конструктивті ықпалдастығын, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ШЫҰ аясындағы үйлесімді қарым-қатынасын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол 2024 жылы Ресейдің БРИКС пен ТМД-ға, ал Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өзара қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
https://t.co/B7IzhhHTfR pic.twitter.com/ojpAnCEtdS
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) November 9, 2023
Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын нақтылады. Өңіраралық және шекара маңындағы елді мекендер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, көлік-логистика, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық байланыс салаларындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін талқылады.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей президенттері халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-pen-vladimir-putin-shagyn-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-9102823